$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда жеңіл көлік жерасты өткеліне аударылып түсті (ФОТО)

Апат салдарынан жүргізуші, 1980 жылы туған әйел және 2015, 2010, 2014 жылдары дүниеге келген үш бала зардап шекті.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматыда автокөлік аялдамаға соғысып, жерасты жолына түсіп кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы бүгін 12.50-де Бостандық ауданында болған. Оқиға орнының суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі, 1975 жылы туған Б.есімді әйел Сәтпаев көшесімен батысқа қарай жүріп келе жатып, көлікті басқара алмай бетон жиектасқа, содан кейін аялдамаға соғылған. Көліктің қозғалысы тоқтамай жерасты жолына түсіп, аударылып құлаған», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жүргізуші, 1980 жылы туған әйел және 2015, 2010, 2014 жылдары дүниеге келген үш бала зардап шекті. Көлік апатының жай-жапсары мен себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты