Нигерияда жолаушылар кемесі суға батып кетті. Салдарынан 18 адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Post сайтына сілтеме жасап.
Кеме Занго Маджиядан 23 адамды алып шыққан. Ол Баучи штатының Итас Гадау муниципалды ауданы аумағында Буджи өзенінде аударылып, суға батып кеткен.