20.11.2020, 18:00

Атырауда сотталған әйелдер марапатталды

Олар індет кезінде медицина қызметкерлеріне көмектесті.

Атырауда пандемия кезінде бетперде тігіп, түзеу мекемесінің медициналық қызметкерлеріне көмек көрсеткен сотталған әйелдер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 "УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бес сотталған азаматша індетпен күрес кезінде қалыс қалмай, мекеменің санитарлық бөлімдерінде медициналық қызметкерлерге індеттің алдын алу бойынша ерікті түрде көмек көрсетті. Сондай-ақ бетперде тігумен айналысты", – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов. 

Бүкіләлемдік пандемияға қарсы күреске атсалысқаны үшін сотталған әйелдер Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталды.