$ 447.4  477.55  4.76

Елордада ер адам 10 жастағы қыз баланы пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері екі тонау дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Конституция көшесінде би үйірмесінен қайтып келе жатқан 10 жастағы екі қыз баланы мас күйде 27 жастағы елорда тұрғыны аңдыған. Көп ұзамай пышақпен қорқытып, ата-анасына хабарлаған жағдайда, тыныштық бермейтінін айтып, олардың біреуінің ұялы телефонын тартып алған. Сол күні кешке дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысынан ұялы телефонын тартып алған», - деп жазылған хабарламада. 

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары болған жайды полицияға хабарлады. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары