$ 494.87  520.65  4.91

19 жастағы колледж студенті жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға тастаған

Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. 

Қазір өзі ауруханада жатыр. 

Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені. 

Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары