$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жеке үйде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады. 

«Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды. Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жарылыс #газ