$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық азамат тұрғын үй подъезінен картиналарды ұрлаған (ВИДЕО)

Жас жігіт кінәсін мойындап түсінік берді және картиналарды қайтарған.

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған екі суретті ұрлап кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Есіл» аудандық поиция басқармасы қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 24 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Жас жігіт кінәсін мойындап түсінік берді және картиналарды қайтарған.

Оның айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен. Сондай-ақ азамат істеген ісіне өкінетінін мәлім етті. Осы факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары