$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында заңға бағынбаған азамат полиция көлігіне оқ атқан

Жауап ретінде тәртіп сақшылары табельдік қарудан бір рет ауаға ескерту оғын атқа, содан кейін тәртіп бұзушылардың көлігінің дөңгелектеріне дәлдеген.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

 Атырау облысының полицейлері түнгі сағат бір шамасында Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында табельдік қару қолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған "УАЗ 390945-441" маркалы автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талаптарға бағынбай, қуып келе жатқан полиция қызметкерлерінің "Нива" көлігіне оқ атқан. 

Тәртіп сақшылары табельдік қарудан алдымен аспанға атып, содан кейін көлік дөңгелектеріне атқаннан кейін ғана "УАЗ"тоқтады.

 "Көлікте Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының 1995 жылы туған тұрғыны болған. Одан 16 калибрлі "ИЖ" маркалы тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары