Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ни ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Партияның облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутат партия құрамынан шығарылды.
"Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ниді заңсыз іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұстау фактісі бойынша біз сіздерге "Нұр Отан" ХДП партиялық бақылау комиссиясы Арқадий Ниді "Нұр Отан" партиясының билетінен айыру туралы мәселені қарауды облыстық филиалдың саяси кеңесі бюросына ұсынғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Саяси кеңестің облыстық бюросының қаулысымен Аркадий Ни "Нұр Отан" партиясы қатарынан шығарылды.
Аркадий Ниге қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы сұраққа Ақтөбе облысының полиция департаменті "Адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр" деп хабарлады.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы "Адам саудасы" бойынша күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге жатпайды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Telegram арналары Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас жасады деген күдікпен ірі кәсіпкер ұсталғанын хабарлаған.