Кіші Алматыда төрт және алты жасар екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды. Олар ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство ақпарынша, аталған дерек 5 қазанда Іле ауданында Түймебаев ауылында тіркелген. Өзенде ойнап жүрген 2014 жылғы және 2016 жылғы екі бала мұз астына түсіп, қайтыс болған. Балалардың денесін туыстары шығарып алған.
"Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Бүгінде өңірдің су арнасындағы мұз қалыңдығы адам салмағын көтере алмайды. Осыған байланысты алдын алу шараларын сақтап, қатпаған мұзға шықпауға кеңес береміз. Салқын суға түскен адам 10-15 минут ішінде тоңып, 20 минуттан кейін есінен танып қалуы мүмкін",- деді ведомствода.
Айта кетейік, мұз қалыңдығын көзбен байқауға болады. Егер мұз түсі көк болса, ол қатты, ал ақ балса қалыңдығы екі есе аз, ал сұр болса, қауіпті.