$ 445.66  474.58  4.78

Балалар ауруханасында сорпадан құрт шықты

Аурухана басшылығы болса, баланың ата-анасынан кешірім сұрады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Жиркенішті жағдай! Елордада балалар ауруханасындағы емделушінің сорпасынан құрт шықты. Бұл туралы науқастың әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Суретін де салыпты. Бұл шулы пост кейіннен өшірілді. Алайда оған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы назар аударып үлгерді. Осы жайтқа байланысты арнайы қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауруханадағы тамақ тарату бөлмесіне талап күшейтілді. Ал, аурухана басшылығы болса, баланың ата-анасынан кешірім сұрады. Негізі, емдеу мекемесіне тамақ сырттан әкелінетін көрінеді.

"Күн сайын 8-ден кешкі 8-ге дейін бөлмелердегі тарату жұмысы, санитарлық-эпидемиологиялық режим қораптардағы азық-түліктердің сапасын тексеру күшейтілді. Тамақ тарату объектілерінде барлық бақылау жұмысы жүргізілді. Жаза дегенде ешбір қызметкерге жаза қолданылған жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аурухана