Ақтөбе облысында алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы қарағандылық азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғынды алдап, одан 67 млн теңге көлемінде ақша алған. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәлімдеді.
Қарағандылық азамат Ресейден асыл тұқымды ірі қара мал әкелемін деп, кәсіпкердің сеніміне кірген. Осылайша, 28 жастағы ақтөбелік тұрғыннан 67 млн 411 мың теңге көлемінде ақша иемденген. Оқиға желтоқсан айының басында болған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осындай алаяқтық фактілерін жасауға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Ұсталған ер кісіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.