$ 498.34  519.72  4.85

Оралда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Жеңіл дәрежеде газдан уланған 4 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

 Оралда тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға И.Куличев көшесіндегі тұрғын үйде болды. 

Жедел жәрдем 11 желтоқсан күні сағат 23.20-да шақырылып, үш бригада жұмыс істеді. Өрт салдарынан 8 жасар ер бала мен 67 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 

Жеңіл дәрежеде газдан уланған 4 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жеңіл дәрежеде газдан уланып, жарақат алған 43 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 

БҚО ТЖ департаменті оқиғаны растап, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары