$ 447.4  477.55  4.76

Танымал хирург Алмас Орынтаев қайтыс болды

Алмас Ормантаев 63 жаста еді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Қазақстандық танымал хирург Алмас Орынтаев өмірден озды.

«Керемет хирург, ғалым, педагог, нағыз достың қазасының арты қайырлы болсын... Алмас Ормантаев – профессор, ұлы академик К.С. Ормантаевтың ұлы, жігерлі әрі өмірге құштар жан. Жүздеген бала оның қолымен ажалдан аман қалса, жүздеген балалар хирургін дайындап шығарды... Оның өмірден озғанына сену қиын... Жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!», -деп жазды Халықаралық репродуктология академиясының президенті Вячеслав Локшин Facebook парақшасына.

Алмас Ормантаев 63 жаста еді. Ол Қазақ Ұлттық медициналық университетінің балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстандық балалар хирургтері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды, медицина ғылымдарының докторы, профессор еді.

Ол Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында педиатрия және балалар хирургиясы бойынша медициналық директордың орынбасары болып жұмыс істеді, сонымен қатар балалар хирургиясы бөлімінің бастығы еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары