ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 19 желтоқсанда сағат 01.41-де болған.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде екі қабатты бутиктердің өртенгені анықталды. Төтенше жағдайлар бөлімі (63 қызметкер және 11 техника бірлігі), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), ДП (50 қызметкер және 20 техника бірлігі), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметші және 3 жабдық бірлігі) оқиға орнына барды", - деді ТЖМ-нің ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт сағат 04.25-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.