$ 522.49  547.88  5.06

Алматыда түнгі клубтың алдында ер адамды өлтіріп кетті

Полицейлер осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде 1985 жылы туған ер адамды ұстады.

 Алматыдағы түнгі клубтардың бірінің маңында жастар арасында төбелес болып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Полицейлердің айтуынша, үш адам бірге отырып, алкогольдік ішімдік ішкен. Басқосудың соңы дауға ұласып, жанжал шыққан.

"Таныстар арасындағы төбелестен 1991 және 1992 жылы туған екі ер адам пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде 1985 жылы туған ер адамды ұстады.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігі ("адам өлтіру") бойынша тергеу жүргізілуде. Істі Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүзеге асырады.

Күдіктінің кінәлі екендігі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары