Алматыдағы бизнес орталықта өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz, қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматыдағы өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жазбадан әйелдің айқайы естіледі.
"Кәусар" тұрғын үй кешенінде бизнес орталық өртеніп жатыр", - деген дауыс естіледі.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің Алмалы ауданында болғанын хабарлады. Ол 15 минуттың ішінде сөндірілді.
"Сағат 12.27-де Төле би 286/4 ғимаратына өрт сөндіру топтары келді, алты минуттан кейін төрт қабатты үйдің үшінші қабатындағы кеңсе ғимаратында өрт болғаны анықталды. Өрт кезінде ғимаратта адам болған жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.