29.12.2020, 17:00

Зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған бойжеткен ұсталды

фото: pixabay.com
Ол кінәсін мойындап отыр.

 Теміртауда зейнеткердің есепшотындағы ақшасын ұрлаған бойжеткен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 27 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны жүгінді. 

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу оның мобильді қосымшасын бұзып, шотындағы 90 мың теңгесін ұрлап алған.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 25 жастағы қызды анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Оның тәжірибелі алаяқ екені белгілі болды, ол бұрын да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.