01.01.2021, 20:05

АҚШ-та аурухана қызметкері дайын вакцинаны қасақана бүлдірген

фото: pixabay.com
Қызметкер жұмыстан шығарылып, іс полицияға берілді.

АҚШ-та бір аурухана қызметкері халыққа егу үшін дайындалған коронавирусқа қарсы вакцинаны қасақана бүлдірген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оқиға Висконсин штатында болды. Екпені сақтауға жауапты болған қызметкер 57 құты вакцинаны тоңазытқыштан сыртқа әдейі шығарып қойған. Бастапқыда қаскөй өзінің абайсызда әрекет еткенін айтып, бой бермеген. Бірақ кейін өзінің кінәсін мойындады. Бүлінген екпемен егілген адамдар ескертілген. Қызметкер жұмыстан шығарылып, іс полицияға берілді.