08.01.2021, 14:40

Полицейлер қорасына 3 қап есірткі сақтаған тұрғынды ұстады

Кінәсін мойындаған күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Жамбыл облысының полицейлері қорасында 3 қап есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны ұстады. Оның қорасын тінту кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 грамм үш қап кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. 

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады. Кінәсін мойындаған күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіп жатыр.