$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда 15 жастағы жігіт анасын өлтіріп қойды

"Кісі өлтірді деген күдікпен 2005 жылғы, кәмелеттік жасқа толмаған К. қамауға алынды", - деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Таңғы сағат 5-тер шамасында Алматы қаласының Алмалы ауданындағы көшелердің бірінде қар үстінде жалаңаяқ бозбала жүрген. Куәгерлер оның әрекеттері көзге оғаш көрінгенін айтқан, деп хабарлады paryz.kz.

Жасөспірімнің әрекеттерінен қорыққан алматылықтар полиция шақырған. Олар жасөспірімнің полиция учаскесінде анасын өлтіргенін айтқанын жеткізді. Полицейлер мұны тексеру үшін пәтерге келгенде, сұмдық жағдайдың куәсі болған.

"Кісі өлтірді деген күдікпен 2005 жылғы, кәмелеттік жасқа толмаған К. қамауға алынды. Жасөспірімнің жанжал кезінде анасын бірнеше жерінен пышақтағаны белгілі болды. Әйел адам көз жұмды. Тергеу шараларына психолог мамандар да тартылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімнің психологиялық ауытқуы бар", - деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары