Оқиғалар 14.01.2021 сағат 08:50

Қызылорда облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес ("жол жүру ережесін бұзу") сотқа дейінгі тексеріс бастады.
Қызылорда облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
фото: qaz.mediaworld.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Қызылорда облысында Құмкөл-Қызылорда тасжолында болған апат салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik.

"Сәрсенбі күні Құмкөл-Қызылорда тасжолының 69 шақырымында Toyota Hilux және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысты", - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.
Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды.

Жол апатынан соң тағы бес адам ауруханада жатыр.

"Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа жол ережесінің бұзылуы себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес ("жол жүру ережесін бұзу") сотқа дейінгі тексеріс бастады.

Бұл бап бойынша жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама тағайындалды, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар