Өскемен қаласындағы дәмханалардың біріндегі отырыста жанжал шығып, салдарынан бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Согра ауданында болған деп хабарлады Polisia.kz.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ер адам жанжал кезінде танысына пышақ сұққан. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы күдіктінінің кім екенін анықтаған.
Екі ер адам көңіл көтеру үшін бас қосқан. Ішімдік ішкен соң олардың араларында түсінбеушілік туындапты.
"Жанжал кезінде ер адам танысына пышақ сұғып, көптеген жарақат салды. Ол алған жарақаттан есін жимастан жедел жәрдем көлігінде қаза тапты", – деді Шығыс Қазақстан облыстық полция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны. Жанжалдың туу себебі анықталып жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ескерту! Видеоны балаларға, жүкті әйелдер мен психикасы тұрақсыз адамдардың көруіне болмайды.