$ 443.85  474.3  4.8

Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Қостанай облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 10 қаңтар күні сағат 19:40 шамасында Қостанай – Әулиекөл тасжолының 10-шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

«Hyundai Solaris» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 42 жастағы ер адам 27 жастағы жігіттің басқаруындағы «Audi 100» көлігімен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші дене жарақаттарын алған.

«Audi» көлігінің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің 28 жастағы жұбайы ауыр халде. Ал «Audi» жүргізушісі ауруханада көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары