14 қаңтарда Атырау облысында екпіні секундына 18-19 метрге дейін жететін қатты жел тұрып, тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатыр бөліктерінің қирау оқиғалары болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс аумағында желдің күшеюіне байланысты орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін департаменттің жедел штабы құрылған болатын.
Қатты жел салдарынан Қызылқоға және Жылыой аудандарында тұрғындардың жоғалу фактілері тіркелді.
14 қаңтарда 18 сағат 54 минутта Жылыой ауданы Құлсары қаласы Есен-Аман шаруа қожалығының қой бағып шыққан 2 қойшысы 15 сағат 30 минут шамасынан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына ТРЭКОЛ автокөлігімен департаменттің аумақтық бөлімшелерінен 4 қызметкер және «Есен-Аман» шаруа қожалығынан 1 адам барды.
Іздестіру тобы 23 сағат 35 минутта Құлсары – Мұқыр тас жолы бойымен Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықтағы «Есен-Аман» шаруа қожалығына қарасты Шолтақай деген учаскедегі мал қыстағына жетіп, радиусы 30 шақырым болатын аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру нәтижесінде, 02 сағат 50 минутта «Қазтрансойл» АҚ-на қарасты №3 Мұнай айдау станциясына тартылған электржелісінің 306-шы электрбағанасының тұсынан жоғалған 2 азамат (1978 жылы туған Ақтөбе облысының тұрғыны, 1982 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы) табылды.
Азаматтардың айтуынша қатты жел салдарынан, топырақ борап, бағып жүрген 950 бас қой малы мен мінген 1 бас жылқы малынан айырылып қалған және бағыттарынан адасып кеткен екен.
Жоғалған азаматтардың денсаулығын тексеру үшін Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықтары бірқалыпты.
14 қаңтар сағат 20:20 минутта Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылына қарасты Аттырған елді мекені Дәулет шаруа қожалығынан сағат 15:00-де 1986 жылы туған азамат УАЗ автокөлігімен Жангелдин ауылына шығып кеткені және әлі уйіне оралмағаны туралы хабар келіп түсті.
Іздестіру жұмыстарына №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімінен жалпы есеппен 6 қызметкер 1 бірлік ТРЭКОЛ автокөлігі жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде, 23 сағат 55 минутта Миялы ауылынан 57 шақырым қашықтақта Жангелдин ауылдық округіне қарасты Жамансай учаскесі маңынан УАЗ автокөлігімен бағытынан адасқан азамат жанар-жағармай бітіп тұрып қалған жерінен табылды. Жоғалған азаматтың автокөлігіне 20 литр жанар-жағармай құйылып, ТРЭКОЛ автокөлігімен ілесе жүріп 23 сағат 55 минутта Жангельдин ауылына жеткізілді.
Табылған уақытта жоғалған азамат дәрігерлік көмекті қажет етпейтіндігі анықталды. Жағдайы бірқалыпты.
Жоғалған адамдар аман-есен табылып, уйлеріне жеткізілі, қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.