19.01.2021, 16:20

Белгілі Олимпиада чемпионы жарыстардан шеттетілді

фото: pixabay.com
Бұл оқиға Рахимовтың алтын медаль ұтып алған Риодағы Олимпиада ойындары кезінде болды ма, әлде оған дейін бе, ол жағы, әзірге белгісіз.

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов барлық жарыстан уақытша шеттетілді. Ол 2016 жылы допингке қарсы ережелерді бұзды деп күдікке ілінген, деп хабарлайды zakon.kz.

IWF Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, бүгін Ниджат Рахимовқа Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ХТА) 2016 жылы белгілі бір уақыт аралығында допингке қарсы ережені "сараптама затын (кіші дәрет) алмастыру" (IWF допингке қарсы ережелерінің 2.2 бабы) арқылы бұзды деп айыптайтыны хабарланды. Бұл оқиға Рахимовтың алтын медаль ұтып алған Риодағы Олимпиада ойындары кезінде болды ма, әлде оған дейін бе, ол жағы, әзірге белгісіз.