ҚР ҚМ ҚМК Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ақтөбе қаласындағы екі тұрғынның заңсыз әрекеттерін анықтады.
Департаменттің хабарлауынша, олар алдын-ала сөз байласу арқылы белгісіз тұлғалардан дизель отынын төмендетілген бағамен құжаттарсыз сатып алған. Жалпы көлемі 4 366,892 тонна дизельді 868 391 921 теңге сомасында әр түрлі ЖШС-ге сатқанын анықталды.
Дизель отынының шығуын заңдастыру үшін күдіктілер ЖШС-нің қоймасынан дизель отынын жеткізуге екі ЖШС-мен жалған келісімшарттар жасап, жанармай төлемдерін қолдан жасаған.
Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен, аса ірі көлемде, шығу тегі заңдылығын растайтын құжаттарсыз, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, алу, сақтау және сату фактісі бойынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары ҚР ҚК 197-бабы 4-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.