$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте полицейлер жұмыс орнында төбелес шығарған

Бір ауысымда істейтін қос сақшының не бөлісе алмай қалғаны түсініксіз.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Шымкентте жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды. Жан-жағы ашық стационарлық бекетте болған өзара жанжалды көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға түнгі сағат бір шамасында Шымкенттің орталығындағы полиция дүңгіршегінде болған. Бір ауысымда істейтін қос сақшының не бөлісе алмай қалғаны түсініксіз. Тар дүңгіршектің ішінде екеуі бір-бірінің жағасына жармасқан.

Бұл видео әлеуметтік желіге тараған соң, полиция департаменті бірден қос қызметкердің ісін тәртіптік кеңесте қарады. Төбелескен әріптестер бір-біріне  нағашы мен жиен екен. Іші пысқан екеуі жәй ғана ойнаған деп отыр. Бірақ полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін екеуін де жұмыстан аластатып, резервке қойыпты. Ал желіні шулатқан тәртіп сақшыларын бір жерде істейтін әріптестері танымайтын болып шықты.

"Біз ол жайлы білмейді екенбіз. Біз таңертең сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмысқа түстік. Постты қабылдап алған кезде постта сынған ештеңе анықталған жоқ. Ол жігіттердің бетінде қан немесе көгерген із болмады. Ештеңе де жоқ. Бәрі дұрыс", - деді полиция лейтенанты Құдабай Орынбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары