01.02.2021, 00:07

Қатындарша киінген ер адам жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Әйелі жұмысынан оралғанға дейін қызына бас-көз болыпты.

Қытайда қызымен жалғыз қалған әкесі оның көңілін көтеру үшін әйелдерше киініп, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Nur.kz.

 Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Цзиньхуа тұрғыны үйіне оралған сәтте ерекше көріністің куәсі болады. Әйел қызын ерекше жақсы көретін күйеуі көйлек киіп, қызымен билеп жүрген сәтіне дөп түcкен екен. 

Әйелі жұмысынан оралғанға дейін қызына бас-көз болып жүрген әкесі, осылайша оның көңілін көтермек болыпты. Бұл жайтты дереу ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған әйел видеоны желіге жария етеді.

 Видеоны People's Daily, China атты YouTube парақшасы да бөлісіп, ерекше қамқор әке желі жұлдызына айналды. Желі қолданушылары кішкентай қызын еркелете білген ер адамға мақтауларын жаудыруда.  

Тегтер: ер адам Қытай