$ 443.85  474.3  4.8

«Антисептик ішіп қойған»: Павлодардағы жасөспірімнің неден көз жұмғаны белгілі болды

Жасөспірімдердің сумен араластырылған антисептик ішкені белгілі болды.
фото: kommersant.ru
фото: kommersant.ru

Павлодар қаласында "Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығы" қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Оған үш оқушының антисептиктен уланып, олардың бірінің қайтыс болуы себеп болды, деп хабарлады Павлодар облыстық білім беру басқармасының бастығы Дінислам Болатханұлы.

Антисептик ішкен жасөспірімдер
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Жаңа жыл күні болды. 2 қаңтарда үш жасөспірім қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер ем-дом жасағанымен ол қайтыс болды. Сондай-ақ, сол күні осы мекеменің тағы екі тәрбиеленушісі уланып ауруханаға түскен, бірақ олар сауығып шықты.

Кейіннен жасөспірімдердің 1 қаңтар күні кешке қарай 2,5 стакан сумен араластырылған антисептик ішкені белгілі болды. Сол түні тыныш өткенімен, таңертең олардың жүрегі айнып, құсып, қатты мазасызданған. Ал медицина қызметкерлері мен қамқоршылар бұдан хабарсыз болған.

Осы оқиғадан кейін балаларды қолдау орталығында тексеру басталды.

Кімге, қандай шара қолданылды?
Тексеріс қорытындысы бойынша орталық басшысының орынбасары мен тәрбиеші және медбике қатаң сөгіс алды. Білім басқармасы басшысының айтуынша, медбике мен екі көмекші, мұғалім және тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кеткен. Кейінірек, орталық директоры да қызметінен кету туралы өтініш жазған.

Қазіргі кезде аталған мекеменің қызметіне бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша мұндай орталық Павлодар мен Екібастұзда бар. Бұл екі мекемеде 3 пен 18 жас аралығындағы 73 бала тәрбиеленеді. Павлодарда 29 бала болса, Екібастұзда – 44. Олар ата-ана қамқорлығынсыз немесе қараусыз қалған және үйсіз, девиантты мінез-құлықты балалар.

Осы орталықтардың колледжінде оқитын балаларды колледж басшыларына қорғаншылық міндеттерін жүктей отырып, білім беру ұйымдарының жатақханаларына тағайындау мүмкіндігі қарастырылады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарында полиция қызметкерлерімен тәулік бойы кезекшілік ету мәселесі де қаралған. Балалар мекемелерінің бірінші басшыларына балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік жүктелді. Дисфункционалды отбасылармен жұмыс жоспарланған, ал оған психологтар көмектеседі.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың жұмысы қайта қаралып, іс-шаралардың мақсаттылығы мен тиімділігін ескере отырып, жаңа форматта құрылады.

"Сонымен қатар, білім бөлімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жоба әзірлеп жатыр. Жақын уақытта ол әрбір білім беру мекемесінде қабылданып, жүзеге асырылатын болады", – деді Дінислам Болатханұлы.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу 105-бабы (суицидке апару), сондай-ақ Қылмыстық кодексінің 371-бабы (немқұрайдылық) бойынша жүргізілуде.

sputnik.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары