05.02.2021, 14:40

17-қабаттан құлаған ер адам сәбидің үстіне түсті (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
​Интернетте оқиғаның видеосы пайда болған еді.

Ресейдің Воронеж қаласында ер адам 17-қабаттан құлап, аулада арбада жатқан баланың үстіне түсті. Терезеден құлаған адам Воронеж мемлекеттік өнеркәсіптік-гуманитарлық колледжінің 20 жастағы студенті екені анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

​Интернетте оқиғаның видеосы пайда болған еді. 

Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.

"Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", – делінген ақпаратта.

Жергілікті басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала болған.