10.02.2021, 07:43

Қарағандыда қарақшылар кассирдің үстіне бензин құйып, өртеймін деп қорқытқан

фото: stan.kz
Кассир оларға 120 мың теңге берген.

9 ақпан күні түстен кейін қарақшылар Қарағандыдағы шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Ғимараттың ішіне орнатылған бейнекамераға түсірілген оқиғаның видеосы Іnstagram-да жарияланды.

"Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың бірінің үйіне кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин құйып, ақша беруін талап еткен", - делінген жазбада.

Ер адам бойжеткенді бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, оны және ғимаратты өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кассир оларға 120 мың теңге берген.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық"бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.