12.02.2021, 14:20

«Адамша ашып жерлейік»: 9 ай бойы күйеуін алдаған әйелдің былығы әшкереленді

фото: видеодан скриншот
"Қуыршақ сәбилердің" әкесінің сөзінше, егіздер перинаталды орталықта дүниеге келген екен.

Ресейдің Ставрополь қаласында тұратын келіншек "егіз нәрестелері шетінеп кетті" деп өтірік айтып келген. Оның өтірік айтқаны нәрестелерді жерлеу кезінде бір-ақ анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

"Қуыршақ сәбилердің" әкесінің сөзінше, егіздер перинаталды орталықта дүниеге келген екен. Алайда бірнеше күн өткен соң белгісіз жайттардан көз жұмыпты. Ер азамат балаларын жерлер кезде олардың денесінің орнында қуыршақтар екенін анықтапты. 

"Әулетіміздің зиратына атамыздың жанына жерлемек болып, жерді қаза бастадық. Туыс інім "олар адам ғой, адамша ашып жерлейік" деген соң сәби оралған матаны ашсам, көздері жоқ қуыршақ екен. Екіншісі де дәл сондай", - дейді қайғыдан қан жұтқан нәрестелердің әкесі Дауд Даудов. 

Ер азамат бірден полицияға шағымданады. Сөзінше, балаларды үйден біреулер ауыстырып жіберуі мүмкін емес. Құзырлы органдар тексерісті бірден бастап кеткен. Ең қызығы, өңірдің бірде-бір перзентханасында балаларды босанған әйелдің есімі тіркелмеген. 

Кейіннен осы оқиғаны ұйымдастырған әйел екені белгілі болды. Келіншек 9 ай бойы күйеуі мен туыстарын "жүктімін" деп алдаған. Кейіннен шындықты айтуға батылы жетпей "қойылымды" соңына дейін жалғастырмақшы болыпты. Ал баланы босанатын уақыты жеткенде, "сәбилер шетінеп кетті" деп айтуға мәжбүр болған.  

Әйелдің сөзінше, ол балалы болғысы келген күйеуін ретжіткісі келмегендіктен осындай өтірік айтқан.