Алматы қаласында қарақшылар жасөспірім қызды тонады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнем қылмысты күндіз жасаған. Ол жеке үйдің қақпасын қаққанда есікті қолында ұялы телефоны бар жас қыз ашқан.
– Қаскүнем алдымен баланың назарын аудару үшін сұрақтар қойып, содан кейін оның қолындағы ұялы телефонын тартып алған. Жасөспірім болған оқиға туралы анасына айтқан, бірақ олар қаскүнемді қуып жете алмағандықтан, полиция шақырған. Жергілікті учаскелік инспектор қылмыс болған жерге бірінші болып барып, күдіктінің сыртқы келбеті туралы ақпарат алып, аумақты шолуға кіріскен.
Қаскүнем “Думан-2” ықшам ауданында ұсталды. Тартып алынған ұялы телефон оның қалтасында болды. Жедел-тергеу тобы заттай айғақты тәркіледі. Ұсталған адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.