$ 494.87  520.65  4.91

Тойға барғандар мейрамхананың артқы есігі арқылы тұра қашты (ВИДЕО)

Салтанатты шараны ұйымдастырушыға 87 510 теңге, мейрамхана иесіне 670 910 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Балқаш қаласында мейрамханада өткен қыз ұзату тойына келген қонақтар тексеріс келгенде артқы есіктен қашқан. Осы сәтті мобильді топ видеоға түсіріп алған, деп хабарлады Stan.kz.

Мобильді топ мейрамханаға келген кезде 150-ге жуық адам болған. Рейдке қатысушылар мекемеге кіре салысымен, қонақтар екінші есіктен асығыс шығып кете бастаған. Балқаштықтардың мейрамханадан қашуын мобильді топ мүшелері видеоға түсіріп, желіге жариялады.

"Карантиндік шектеулерге қарамастан, қаладағы мейрамханалардың бірінде мерекелік шара өтті. Рейд жасаған мобильді топ ғимаратта қыз ұзатып жатқандардың үстінен түсті. Мейрамхана иесі қонақтарды артқы есіктен шығарды", - деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.

Санитария талаптарын бұзғаны үшін үйлену тойын ұйымдастырушыға да, тапсырыс берушіге де әкімшілік хаттамалар жасалды. Салтанатты шараны ұйымдастырушыға 87 510 теңге, мейрамхана иесіне 670 910 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

"Мобильді топтар рейдтерді жалғастыруда. Балқашта 40-қа жуық адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Үшеуі жансақтау бөлімінде өмірі үшін күресуде", - деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін Қарағандыда осындай шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған. Қаладағы мейрамханалардың бірінде полиция үйлену тойын тоқтатты. Олар мерекені видеоға түсіріп алды.

Мейрамханадағы қонақтар саны 60 адамнан көп болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары