$ 494.87  520.65  4.91

Өрт сөндірушілер отқа оранған пәтерден мас ер адамды құтқарып қалды

Өрт 16 ақпанда кешке Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан.

Алматыда өрт сөндірушілер терезеге шығып, көмек шақырған мас ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 16 ақпанда кешке Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде өртке оранған пәтерді және үйдің терезесінен көмекке шақырған ер адамды көрген.

Өртпен күресушілер саты арқылы оны төменге түсіріп, аумағы сегіз шаршы метрді құраған өртті сөндірген. Тілсіз жауды ауыздықтаған соң оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегу салдарынан пайда болған. Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарын төсекте жатып, әсіресе, ішімдік ішіп, жатын орында темекі шекпеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары