$ 445.66  474.58  4.78

Таразда қатты желдің салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады

Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде тараған видеолардан қаланың әр аумағында ағаштардың құлағанын аңғаруға болады.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жамбыл облысы орталығында қатты желден көп қабатты үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы аумағында 19 ақпанда күндіз соққан желдің жылдамдығы әр аумақта 23-28 м/с, 30 м/с-ті құрап, кей жерлерде одан да асып түскен.

«Қазіргі уақытта Тараз қаласының 15 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің шатырының ұшып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті, қатты желдің салдарынан бүлінген шатырдың аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Шатыр 300 метрге дейін ұшып барып, №14 үйдің ауласына құлаған. Салдарынан аталған үйдегі 3 балкон бүлінген және 4 жеңіл автокөлік астында қалған. Сондай-ақ, Жамбыл даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырының бір қанатының құлауы тіркелді»,- делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде тараған видеолардан қаланың әр аумағында ағаштардың құлағанын аңғаруға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары