20.02.2021, 04:47

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адамның өмірін қиды

Фото: ашық дереккөзі
Тағы 4 адам ауруханаға жатқызылды.

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, тағы 4 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкшетау-Атбасар» тасжолында «Тойота Камри» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігіне соқтығысқан. Жол апатынан 3 адам көз жұмып, 4 адам түрлі денше жарақтымен ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.