Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқшын елді мекенінің тұрғыны полицияға хабарласып, біреудің түнде итін ұрлап кеткенін айтқан.
Әйелдің сөзінше, неміс овчаркасы үйдің қасында темір шынжырға байлаулы болған. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді.
Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Сол ауылдың 2001 жылғы тұрғыны бұрын сотталған. Итті сойып жеу үшін ұрлаған екен. Оған ешқайда кетпеу жөніндегі шара қолданылды.
Қазіргі уақытта осы іске байланысты бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.