$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда ер адам үш адамды пышақтап өлтірді

Ер адам бұған дейін бұзақылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Талдықорғанда көпқабатты үйдегі пәтерден зорлық белгілері бар екі ер адам мен бір әйелдің денесі табылды. Үш кісіні өлтірді деген күдікпен көршілес ауанның 26 жастағы тұрғыны ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған факті 24 ақпанда тіркелген. "Новостройканың" учаскелік инспекторына пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ақпаратты растапты.

"Көрсетілген пәтерден 57 жастағы үй иесінің, сондай-ақ 41 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйелдің көптеген пышақ жарақаты салынған денелері табылды. Жәбірленушілердің қалыпты өмір салтын ұстанбағаны және алкогольді асыра пайдаланғаны анықталды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары тез арада күдіктіні анықтап, қолға түсірген. Ол 26 жастағы көрші ауданның тұрғыны болып шыққан. Ер адам бұған дейін бұзақылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жас жігіт аса ауыр қылмыс жасағанын мойындап, қалалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Ішімдік ішіп отырған кезде күдікті таныстарының бірімен сөзге келісіп қалып, бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Содан кейін айқай-шуға жүгіріп келген пәтер иесіне өлім жарақатын салған. Болжам бойынша кездейсоқ куәгерден құтылу үшін әйелді де өлтірген. Қазір факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімімен (Екі не одан көп адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді облыстық полиция. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары