$ 494.87  520.65  4.91

АН-2 ұшағының командирі неліктен шұғыл қонуға мәжбүр болғанын айтты

Ұшақ аэродромға жете алмады.

Ан-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов әуеде не болғанын және неліктен шұғыл қонуды ұйғарғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ИИДМ-ге сілтеме жасап.

"50 метрге көтерілген кезде құлап бара жатқандай болдым, қозғалтқыштың қуаты төмендегенін байқадым. Сосын аэродромға қайту үшін жайлап бұрылдым. Бортта жолаушылар болғандықтан және біз елді мекеннің үстінде тұрған соң мүмкіндігінше қонуға ыңғайлы аймақ таңдадым", - деді ол.

Бірақ ұшақ аэродромға жете алмады. "Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері аман-сау", - деді Тахир Өтегенов.

Еске салайық, 26 ақпанында сағат 12.26-да​ Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация әуежайынан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышында ақау шығып, жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техника, "Боралдай" авиациялық қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары