$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімі атышулы істі бақылауға алды

Оның айтуынша, күйеуін бір апта бұрын әкімдік қызметкері өлтірген.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғынын өлтіру дерегіне қатысты бақылауға алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы әкімнің Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық Ажар Әбдірешева әлеуметтік желі арқылы Сағынтаевқа үндеу жасап, жұбайы Кенже Байниязовтың қазасына қатысты істі бақылауға алуын өтінген. Оның айтуынша, күйеуін бір апта бұрын әкімдік қызметкері өлтірген.    

Осы орайда, қала әкімі оның өтінішіне құлақасты. Мәселен ол: "Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп желідегі парақшасында жазды.

Күйеуінен қапыда айрылып қалған әйелдің айтуынша, қылмыс 22 ақпанда өз үйінің ауласында болған. Әйел күйеуін Алматы әкімдігі бас есепшісінің жеке жүргізушісі өлтірді деп есептеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары