Алматыда асфальт опырылып, жүк машинасы жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Қажымұқан көшесінде болған. Видео Instagram желісінде тарады.
Бейнекадрда жүк машинасының кузовының жартысы жерге кіріп кеткен.
Оқыс оқиға болған жерде кәсіпорын қызметкері жарақат алған.
«Ер адам басынан соққы алған» деді Алматы жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, пациент кеуде тұсынан да жарақаттанған.
Ол қазір қалалық 4-ші ауруханада ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр.
Оқиғаның мән жайын анықтау үшін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп жатыр.