05.03.2021, 15:20

Елордадағы дәмханалардың бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Мамандардың айтуынша, әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Елордадағы дәмханалардың бірінен өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«5 наурыз сағат 11:48 Нұр-Сұлтан қаласы Достық 1 мекенжайында орналасқан «Избушка» кафесіне шақырту бойынша шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының 13 адамы және 3 бірлік техникасы жетті. Алдын ала болжам бойынша, «Дастархан» дәмханасының ас үй бөлмесінің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер 12 сағат 10 минутта өртті тоқтатты», - деп мәлімедеді Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Абырой болғанда, оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ