Желіде Алматыда ер адамның жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, секіруге әрекеттенгені жайлы видео пайда болды. Полиция департаменті бұл оқиғаның мән-жайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейнежазбада келеңсіз жағдайдың Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшесінің қиылысында болғаны айтылады. Онда ер адамның айналасында көп адамдардың жиналғаны көрінеді.
«Ер адам секіруге тырысып жатыр. Ешқандай келіссөздерге келмей тұр. Өзі жалаңаяқ», - деген дауыстар кадр сыртынан естіледі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі абырой болғанда, ешкім жапа шекпегенін айтты.
«Бақытымызға орай бұған уақытында тосқауыл қойылды. Алғашқы болып Жетісу аудандық полиция басқармасының полиция психологы дабыл қақты. Ол жақын жерден өтіп бара жатып, полицияның барлық күштерін: жақын жердегі патрульдік полицияның экипаждары мен учаскелік инспекторларды тарта білді.
Нәтижесінде, кейінірек белгілі болғандай, есірткіге мас болған адам, жаяу жүргіншілер көпірінің үстінен түсірілді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оны жеке басын анықтау үшін және одан әрі медициналық тексеруден өткізу үшін Жетісу ауданының полиция басқармасына жеткізілді», - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкіл Салтанат Әзірбек.