10.03.2021, 21:07

Елордада әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды

фото: 24.kz
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Елорданың сол жағалауындағы әкімшілік ғимараттың түтіндеуіне байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәлімдеуінше, сағат 13.30-да Қабанбай батыр көшесінде орналасқан әкімшілік ғимаратқа 26 өрт сөндіруші мен 5 арнайы техника шұғыл жеткен.

"Өрт сөндірушілер ғимарат автотұрағы қатты түтін шыққанын анықтады.  Алдын-ала болжам бойынша өрт электрқалқанындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан тұтанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", – делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін әкімшілік ғимараттан 200 адам мен бір Audi  автокөлігі эвакуацияланған.