Елордалық Әділет департаментінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соты шығарған заңсыз жер учаскесін босату туралы талапты орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осы жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысымен Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сот шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы, Манаса көшесі, 21 мекенжайында орналасқан 0,05875 га (587,5 кв.м.) жер телімін босатып, өз қаражаты есебінен шаруашылық-тұрмыстық құрылысты және металл қоршауды мәжбүрлі түрде бұзу (демонтаждау) бойынша атқару жүргізілді. Атқару құжатының талаптары толық көлемде орындалды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті таратқан хабарламада.