12.03.2021, 15:40

Дүкенді тонамақ болған қарақшы полицей боп шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен.

Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

5 наурызда Instagram-да медициналық маска тағып алған ер адам қолына қару алып, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп жатқан видеосы тарады. Сатушы күдіктінің қоқан-лоқысынан қорықпай, құтылып шыққан. 

Артынша полицейлер күдікті ұсталғанын, сол күні ол тағы бір дүкенді тонағанын айтты. Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен. Артынша ол ұсталған.