$ 523.58  549.71  5.01

Семейде дөкейлерден құралған қылмыстық топ құрықталды

Қылмыстық топтың 16 мүшесі болған.
Фото: stan. kz
Фото: stan. kz

Семейде алтын рудасын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Оның құрамында қарапайым басбұзарлар емес, құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

 "Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесуде ауқымды арнайы операция жүргізді", — дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Әркен Әбдіғали.

Дөкейлерден құралған қылмыстық топтың 16 мүшесі болған. Бір мезетте төрт қаладан ұсталғандардан қомақты қаржы, алтын құймалар, байланыс құралдары және өзге де заттар тәркіленді. Адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау дерегі бойынша айып тағылды.

 Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Семейдегі қылмыстық топ өкілдері ай сайын 400 миллион теңгеге бағаланатын алтын кенді ұрлап келген. Алайда құзырлы орындар тергеу құпиялығына байланысты алтын ұрлаушылардың бар қылмысын ашып айтпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары