$ 444.32  473.33  4.76

Ресейде қазақстандық жұмысшылар жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Дәрігерлер оларға үйінде медициналық көмек көрсеткен.

Мурманск облысында орналасқан Белокаменкадағы ірі тонналы теңіз құрылыстары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде («НОВАТЭК» жобасы) жұмысшылар жаппай төбелесті. Олардың ішінде қазақстандық жұмысшылар да бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Вечерний Мурманск» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурызда болған. 

ІІМБ хабарына қарағанда, алты адам жарақат алған. Дәрігерлер оларға үйінде медициналық көмек көрсеткен.

Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығады. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығысқа тұрмыстық жанжал себеп болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары